Бұның да бір мәні бар. Су жаңа Sonata сіздің амандығыңызды қамтамасыз ететін үздік технологиялары арқылы жүрегіңізді жаулап, ойыңызды баулап алады. Оның жүргізушіге көмек көрсетуші озық технологиялары сізге білдіртпей жұмыс істейді, сізді жүргізуден келетін уайым мен күйзелістен босатып, неғұрлым ақылды, жақсы және қауіпсіз жүргізушіге айналдырады. Sonata сыртқы дизайнынан бастап жүргізу динамикасына дейін, Sonata көлігін толықтай әзірлеуге негіз болған сезімтал спорттылықты көрсетеді. Бүгінгі күнгі жүргізушілер жетік, дербестендірілген тәжірибе алғысы келгендіктен, Sonata мұндай талаптарға қосылу мен ыңғайлылық функцияларының жиынтығымен жауап береді. Сіздің күнделікті өміріңіздің қарқынына қарамастан, Sonata жаңа еркіндік пен көлік жүргізуден рахат алу әлеміне есік ашып, сіз үшін өте лайықты болады.
Sonata көлігінің жоғары стилі жай ғана жан толғынысын қозғаумен шектелмейді.Ол жасырын градиенттік жарық технологиясы сияқты құрылымдық ерекшеліктері арқылы жоғары санатты артықшылықтарды қамтамасыз етеді, бұл Sonata көліктерін тылсым күшке бөлейтіндей көрінеді.
Sonata жоғары технологиялық дизайны артқы жарықдиодты аралас шамдармен және толық жарықдиодты алдыңғы көмескі жарықпен күшейтілген.
Жоғарырақ өнімділік үшін Hyundai опционалды 18 дюймдік жеңіл балқығыш дөңгелек жүйесін және премиум класты Pirelli шиналарын ұсынады.
Жаңа Sonata көлігіне қарай қадам жасап, қазіргі кезде бұрынғыдан жақынырақ болған
мінсіз жүргізу мүмкіндігіне ие бол. Бұл жақсы жаңалық болуы керек, себебі ешкім мінсіз мүлтіксіздікке қол жеткізе алмайды. Қателіктер, әрине, кездеседі, бірақ Sonata ұсынатын жүргізушіге көмек көрсету жөніндегі үздік технологиялар проблемаларды сізден бұрын анықтай алады, бұған қоса, басқаруды қауіпсіз әрі тиімді қылу үшін, түзету шараларын қолданады. Sonata көлігінің әр бөлшегі шынымен де жаңадан әзірленген, бірақ жанасудың барлық негізгі нүктелері толық сенімділікті сезу үшін соншалықты таныс әрі интуитивті түрде түсінікті болып көрінеді. Жаңа Sonata: бұрынғыға қарағанда, жүргізу мінсіздігіне көбірек жақындатады.
Sonata ұсынған су жаңа, премиум BOSE аудиожүйесінің керемет дыбысының айқындығы мен нақтылығы соншалық, барлық ойнатылған әуендерді орындаушының дәл өзінің жанында болып, тыңдағандай әсер аласыз. Бұл жаңартылған жүйе он екі акустикасы бапталған динамикпен, орталық көлемді дыбыспен, сондай-ақ динамикалық жылдамдық өтелуімен жеткізіліп, сол арқылы өзіңізді дыбыс жазу студиясына жеткізгендей сезінесіз. Centerpoint Surround Sound динамиктерінің бапталуы арқылы өзіңізді дыбыс жазу студиясына жеткізгендей сезінесіз. Енді Bluetooth модулі стандартты опция болып табылады.