Әдемі модульдік алдыңғы панельдің ортасында:
- Ақпараттық ойын-сауық жүйесінің 12,25 дюймдік сенсорлық экраны
- 12,25 дюймдік цифрлық аспаптар комбинациясы. Қозғалыс кезінде дисплейде электромобиль туралы ақпараттың кең ауқымы, соның ішінде аккумуляторлық батареяның күйі туралы мәліметтер көрсетіледі.
- Ерекше жайлылық жасау үшін цифрлық панельдің сол жағында классикалық магниттік тақта орналасқан. Оған кішкентай магниттердің көмегімен жазбаларды немесе фотосуреттерді бекітуге болады.
- Әдемі бұрмалы берілісті ауыстырып қосқыш руль бағанында орналасқан, ал рекуперативтік тежеу деңгейін руль астындағы ауыстырып қосқыштар арқылы реттеуге болады.
IONIQ 5 Сізге қажет кезде байланыста болуға мүмкіндік беретін интуитивті түсінікті интеллектуалды технологиялардың кең спектрімен жабдықталған. Apple Car-PlayTM және Android AutoTM қолдауы смартфонды электромобильге қосуға мүмкіндік береді және BOSE премиумды дыбыс жүйесінің арқасында сүйікті әуеніңізді таза дыбыста тыңдай аласыз.