Hyundai Aktau
г. Актау, Промзона 9, здание № 60 (трасса Актау-Аэропорт)
21 қаңтар 2022
HYUNDAI САТЫП АЛУШЫЛАРҒА ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ СЫЙЛАЙДЫ

«Астана Моторс» құрамына кіретін Hyundai Auto Kazakhstan ресми дистрибьюторы Hyundai автокөліктрін сатып алушыларға 10 мың километр жүріс немесе 12 ай аралығымен (қайсысы ерте басталатынына байланысты) бірінші бес мерзімді ТҚК сыйлайды.

Компанияның клиенттері жаңа автокөлік сатып алу сияқты маңызды шешім қабылдай отырып, оған ақаусыз иелік етуден ұзақ жылдар бойы ләззат алуы Hyundai Auto Kazakhstan үшін өте маңызды.

«Біз үшін қызмет көрсетудегі бірінші талап автокөлік иесінің қауіпсіздігі және автокөліктің жоғары сенімділігі. Біз тек түпнұсқалы қосалқы бөлшектерді қолданамыз. Ресми дилерлік орталықтарда Hyundai сервистік қызмет көрсетудің жоғары стандарттарын қамтамасыз ететін сертификатталған білікті персонал жұмыс істейді», – дейді Hyundai Auto Kazakhstan директоры Денис Коломацкий.

Айта кету керек, мерзімді техникалық қызмет көрсету мотор майын, ауа сүзгісін және кондиционер сүзгісін ауыстыруды ғана емес, сонымен қатар тексеру жұмыстарының төменде көрсетілгендей бірқатар кешенін қамтиды:

  • ауаны жылыту және баптау жүйесін тексеру;
  • АКБ жай-күйін тексеру;
  • сұйықтықтың ағуын бақылау;
  • тежегіш және отын магистральдарын, шлангілерді және олардың қосылыстарын тексеру;
  • автокөліктің тежегіш жүйесінің жай-күйін тексеру;
  • жетек белдіктерін тексеру;
  • автокөліктің пайдаланылған газды шығару жүйесін тексеру;
  • автокөлік шассиінің негізгі тораптары мен агрегаттарының жай-күйін тексеру; ІЖҚ салқындату жүйесін тексеру;
  • барлық техникалық сұйықтықтардың деңгейі мен жай-күйін тексеру және қажет болған жағдайда оларды ауыстыру.

Осылайша, ТҚК-ден уақтылы өту автокөлік иесіне өз көлігінің қауіпсіздігі мен ақаусыздығына сенімді болуға мүмкіндік береді.

Ал біздің Дилерлік орталықтардағы жоғары деңгейдегі сервис Клиенттерімізге өздерін жайлы сезінуге және қымбат уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді.

Егер автокөлік иесі көлік құралын жаңарту жөнінде шешім қабылдаса, Hyundai Auto Kazakhstan компаниясы автокөлікті сату оңайға түсуі жөнінде де ойлайды. Тұрақты ТҚК автокөліктің жоғары қалдық құнын қамтамасыз етеді. Оның үстіне, бұл бағдарлама автокөлік иесіне емес, VIN-кодқа тіркелген, сондықтан автокөлікті сатуға немесе жаңартуға шешім қабылдағанда, клиент автокөліктің жаңа иесіне бағдарлама қолданысында қарастырылған жүріс/кезең аяқталғанға дейін пайдаланылмаған ТҚК-ді береді. Бұл сөзсіз артықшылық жаңа автокөлік иесіне автокөлікті сатып алу кезінде оның жай-күйі жөнінде алаңдамауға мүмкіндік береді, өйткені автокөлікпен бірге ол Hyundai ресми дилерінде автокөлікке уақтылы қызмет көрсетілгені жөніндегі ашық тарихын алады.

5 жылға немесе 100 000 км-ге кепілдік шарттарымен бірге (қайсысы ерте басталатынына байланысты), автокөліктеріміздің сапасы мен сенімділігімен бірге «Бес ТҚК сыйлыққа» бағдарламасы Hyundai автокөлігін сатып алуды үздік таңдау етеді.